
Fitness IQ – фитнес мектебі болып табылады, ол фитнес салалары бойынша мамандарды дайындайды:
- Жаттығу залы нұсқаушысы.
- Топтық бағдарламалар нұсқаушысы.
- Балалар фитнесі нұсқаушысы.
- Су бағдарламалары нұсқаушысы.
WORLD CLASS ALMATY спорттық-сауықтыру клубының базасында нұсқаушыларды даярлау және оқыту бойынша оқу тобын қабылдау әр тоқсан сайын өткізіледі.
Оқыту ұзақтығы:
Топтық бағдарламалар нұсқаушысы2 апта |
Жаттығу залы нұсқаушысы2,5 апта |
Балалар фитнесі нұсқаушысы3 апта |
Су бағдарламалары нұсқаушысы2,5 апта |
Барлық студенттер алғашқы 5 күнде медицинаның жалпы теорисын оқиды:
- Жүрек-тамыр жүйесі.
- Тыныс алу жүйесі.
- Жүйке жүйесі.
- Сүйек жүйесі.
- Бұлшықет жүйесі.
Студенттер дене шынықтыру бағыттарының бірін таңдайды, содан кейін мамандығы бойынша дайындықтан (теория мен тәжірибеден) өтеді.
Жаттығу залы:
- фитнес және оның құрамдас бөліктері
- биомеханика
- дене белсенділігіне бейімделу
- жаттығу процесін кезеңге бөлу
- жүктеме рейтингі
- әйелдерді жаттықтыру ерекшеліктері
- жаттығу бағдарламаларын дайындау
- нутрициология
Топтық бағдарламалар:
- степ аэробика
- күш аэробикасы
- жеке стретчинг
- топтық стретчинг
Балалар фитнесi:
- балалардың фитнесi және 1 жастан 16 жасқа дейінгі балалардың жас ерекшеліктері
Су бағдарламалары:
- Су ортасындағы жаттығулардың ерекшеліктері
- Аква фитнестің негізгі элементтері
- Хауыздағы әртүрлі сабақтарды құрастыру және өткізу әдістемесі
- Балалар мен жасөспірімдерді жаттықтыру әдістемесі.
- Жаттығу, жүзудің спорттық стильдері бойынша жаттығуларды таңдау
- балаларға арналған судағы бағдарламалар
- нәресте жүзуi
Оқытуға әр түрлі деңгейдегі студенттер шақырылады - жаңадан бастаушы нұсқаушылардан бастап, біліктілігін арттырғысы келетін фитнес мамандарына дейін.
Сабақтарды Қазақстанның үздік фитнес нұсқаушылары, республикалық және халықаралық фитнес-конвенциялардың жүргізушілері өткізеді:
![]() |
Василий ГореликБодибилдингтен Қазақстан Республикасының чемпионы. 1995-1998 жж Қазақстан Республикасы Бодибилдинг Кубогының 3 дүркін иегері, тәуелсіз кеңесші, жоғары медициналық білім (Асфендияров атындағы университет), жоба менеджері. |
![]() |
Анна АкимбетьеваСанаты: топтық бағдарламалардың элит жаттықтырушысы. Шайбалы хоккейден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жаттықтыру тәжірибесі – 18 жыл. |
![]() |
Гульнара БосаковаШебер жаттықтырушы, топтық бағдарламалар супервайзері. Спорттық акробатикадан спорт шебері. Жаттықтыру тәжірибесі – 7 жыл |
![]() |
Жанна ШаяхметоваЭлит жаттықтырушы, су бағдарламалар супервайзері. Су добынан спорт шебері. Сертификатталған нәрестелер үшін жүзу нұсқаушысы, Аdvanced деңгейi. Жаттықтыру тәжірибесі: 11 жыл. |
![]() |
Мария АсановаСу бағдарламаларының элит жаттықтырушысы, топтық бағдарламалардың шебер жаттықтырушысы. Синхронды жүзуден спорт шебері. Жаттықтыру тәжірибесі: 10 жыл. |
![]() |
Асель МамышеваТоптық бағдарламалардың шебер жаттықтырушысы, Zumba фитнес, Zumba Kids + JR, Oriental, Dance Mix бойынша сертификатталған жаттықтырушы. Жаттықтыру тәжірибесі: 9 жыл. |
![]() |
Меруерт АлдашироваЖаттығу залының элит жаттықтырушысы, топтық бағдарламалардың шебер жаттықтырушысы. Фитнес IQ түлегі. Жаттықтыру тәжірибесі: 9 жыл. |
Оқуды аяқтағаннан кейін және емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін тиісті үлгідегі сертификат беріледі. Оқу ақысы: әр бағыт бойынша 100 000 теңге.
Fitness IQ фитнес мектебі туралы қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласыңыз: +7 707 203 38 94
+7 707 203 38 94